2024 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық форумының сұқбат тобы Сычуань өлкесінің Лэшань қаласында «Эмэй»-мен ішкерлей танысты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қыркүйек

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдан, Еуропадан және Африкадан келген 2024 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық форумының бірлесіп сұқбат алып, зерттеу жүргізу тобы Сычуань өлкесінің Лэшань қаласына барып, «Эмэй» бай мазмұнымен танысты.

Тілшілер тобы Эмэй жекпе-жек өнері федерациясының ұлттық академиясына келгенде есік алдында Эмэй жекпе-жегінің 30-дан астам жас оқушысы жаттығып жатты.

Келесі көрме сессиясында Эмэй жұдырығы, Эмэй таяғы, Эмэй қадауы және басқа да жекпе-жек жабдықтары бірінен соң бірі көрсетіліп, қытайлық жекпе-жек өнерінің бай мазмұнын көрсетті. Көптеген шетелдік тілшілерді сол жерде бұл өнерді үйреніп көруге қызықтырды.

Эмэйшаньдағы шай кениялық кофемен кездескенде, ол қандай химиялық реакция тудырады?

Байырғы шай үстелінің жанында Emei Xueye компаниясының шай шебері Ян Мэй қытайлық және шетелдік журналистермен бірге «Шай мен кофенің диалогын» жүргізді.

Сол күні Эмэйшань саусақ кескіндемесінің материалдық емес мәдени мұра мұрагері Линь Сюй шетелдік журналистерге саусақ кескіндемесінің жасалуын көрсетті.

Музыка үніне ілесе, қытайлық және шетелдік достар әңгімеге басты. Жан тербейтін музыка үніне тербеліп, көпшілік айнала билеп, ортаны думандатты.

«Қытайға тағы келіңіз», «Вануатуға қош келдіңіз», «Польшаға ат басын бұрыңыз»... Қытайлық және шетелдік тілшілер бір-бірін шын ниетпен шақырып, достық пен тілектер бимен бірге тербелді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото