Уху, Аньхой: Төмен биіктікте ұшудың жемісті жетістіктері (3)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қыркүйек
Уху, Аньхой: Төмен биіктікте ұшудың жемісті жетістіктері

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қыркүйекте 2024 жылғы «Төмен биіктіктегі экономикалық даму» конференциясының ашылуына орай Аньхойдің Уху қаласында бір мезгілде Төмен биіктіктегі экономикалық жаңа сапа өнімділігінің инновациялық жетістіктері көрмесі өтті.

Тік ұшатын электрлік ұшақ, ұшқышсыз ұшу аппараттарының автоматты әуежайлары, бақылау және бағытты бөгегіштер... Көрме алаңында төмен биіктіктегі экономикалық «ұшудың» негізгі жабдықтары көрсетілді.

Хабарламаларға сәйкес, бұл конференцияның көрме алаңы 30 000 шаршы метрден асады, дрондардың ұшып көтерілу және қону нүктесінен бастап ұшуға техникалық қызмет көрсету станциясына дейін, төмен биіктіктегі логистика, метеорологиялық анықтау, авариялық-құтқару жұмыстары және т.б. қолдану сценарийлері барлық бағыт бойынша төмен биіктіктегі экономиканың әртараптандырылған дамуын көрсетті.

Соңғы жылдары Уху жергілікті жағдайларға сәйкес жаңа сапалы өнімділікті дамытып, төмен биіктіктегі ұшудың қарқынды дамуына ықпал етті. 2023 жылы қаланың төмен биіктіктегі экономикалық өнеркәсібінің өндіріс көлемі 40 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,6%-ға артты. Биылдың бірінші жартыжылдығында өндіріс көлемі 25,3 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,8%-ға артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото