- Барлық ақпарат
Елімізде кофе мамандығы бойынша алғашқы бакалавриаттар университетке түсті (3)
12 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қыркүйекте Юньнань ауылшаруашылық университеті «Кофе ғылымы және инжиниринг» бакалавриат мамандығының студенттері үшін кофенің әртүрлілігін анықтау, кофе дәндерін бағалау, кофе дәндерін қуыру, кофе алу және қайнату бойынша кәсіби білімді түсінуге мүмкіндік беретін бірегей кофе танымдық сабағын ұйымдастырды. Студенттер еркін де көңілді ортада дәріс тыңдап, кәсіби курстар туралы танымы мен түсінігін тереңдетті.
Соңғы жылдары Қытайдың кофе өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Кофе саласында жоғары сапалы кәсіби және техникалық кадрларды даярлау мақсатында Юньнань ауылшаруашылық университеті биыл «Кофе ғылымы және инжиниринг» мамандығы бойынша елдегі алғашқы бакалавриат мамандығын ашты. 11 өлкеден, қалалардан және автономиялық региондардан келген кофе мамандығының алғашқы студенттері Юньнань ауылшаруашылық университетінің тропикалық дақылдар кафедарасында студенттік өмірін бастады.
people.cn © People's Daily Online