2024 жылы күз ортасы мерекесі кезінде ел ішінде 107 миллион адам саяхаттады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 қыркүйек
2024 жылы күз ортасы мерекесі кезінде ел ішінде 107 миллион адам саяхаттады

19 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қыркүйекте Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігі 2024 жылы күз ортасы мерекесіндегі ұлттық мәдениет және туризм нарығы деректерін жариялады. Бүкіл ел бойынша мерекеде 107 миллион адам ішкі саяхатта болып, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өскенін көрсеткен. Ішкі туристердің жалпы саяхатқа жұмсаған сомасы 51,047 миллиард юаньды құрап, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% -ға ұлғайған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото