Қытай Конфуцийдің туғанына 2575 жыл толуын тойлады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 қазан

1 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың шығысындағы Шаньдун өлкесінде ежелгі қытай философы және ұстазы Конфуцийдің туған күніне арналған салтанатты шаралар басталды.

Арнайы ашылу салтанатынан кейін Конфуций ғибадатханасында музыка мен би қойылымдары мен Конфуций классикасы оқулары өтті.

Конфуцийге құрмет көрсету рәсімінің өзі Қытайдың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

Конфуций біздің эрамызға дейінгі 551 жылы Шаньдун өлкесінің Цюйфу қаласында дүниеге келген. Ол жер қазір ежелгі қытай даналығын құрметтеушілердің зиярат ету орны. Конфуций ілімі конфуцийшілдік деген атаумен белгілі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото