- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Фуцзянь өлкесіне Қытай үлгісіндегі модернизация құрылысында батыл бәсекелесуді тапсырды (6)
17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Фуцзянь өлкесінен өзін дамыту мақсаттарын ұстана отырып, мемлекеттік модернизация жолында көшбасшы болуды талап етті.
Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас Хатшысы, Мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери Комитет Төрағасы Си Цзиньпин сейсенбіден сәрсенбіге дейін Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауы өлкесіндегі сапары кезінде жоғарыда аталған тапсырманы берді.
Фуцзянь - Қытайдың реформа мен ашықтық саясаты аясындағы жетекші өлкелердің бірі, дамыған дербес экономикалық орталық болып табылады. Тайваньмен теңіз арқылы тұтасып жатқан бұл өлке бұғаздың екі жағалауының бірігіп дамуы үшін демонстрациялық аймақ салу мүмкіндігін зерттеп жатыр.
Си Цзиньпин өзінің сапары барысында заманауи экономикалық жүйенің құрылысын жеделдетуде үлкен жетістіктерге жетуді жалғастыру керектігін баса айтты.
people.cn © People's Daily Online