- Барлық ақпарат
Бейжіңде Алматы қаласының туризм күні өтті
![]() |
Қытай Мәдениет және туризм министрлігінің халықаралық алмасу және ынтымақтастық бюросы директорының орынбасары Сяо Нань |
17 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қазан күні кешке Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы аясында Алматы туризм күні өтті. Іс-шараға Қытай Мәдениет және туризм министрлігінің халықаралық алмасу және ынтымақтастық бюросы директорының орынбасары Сяо Нань, Алматы қаласының туризм басқармасы басшысы Ғалия Тоқсейітова, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Асқар Шалқарбаев, сондай-ақ Қытай мен Қазақстан туристік компанияларының өкілдері қатысты.
Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова онлайн «Халық Газетіне» берген сұқбатында Алматыда соңғы жылдары туристер, әсіресе қытайлық туристер саны айтарлықтай өскенін айтты.
Бұл өткен жылы іске қосылған визасыз режимнің және биыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылының арқасы деп санайды екен Ғалия Тоқсейітова. Сұқбат барысында ол Алматыдағы бірқатар туристік орынды арнайы таныстырды.
Ғалия Тоқсейітова қытайлық туристерге жайлы демалыс сыйлау мақсатында Алматы қаласының туризм басқармасы биыл 50 жол бастаушыны қытай тілінде оқытып, жаңа халықаралық терминал салғанын, навигациялық жүйенің қытай тілінде қызмет көрсетуін ілгерлету үшін қытайлық кеңесшілерді қызметке алғанын жеткізді. Сонымен қатар келесі жылы Алматыдан Сианьға туристік пойыз қатынайтынын, мәдени алмасулар мен сапарларды жалғастыру мәселесі қарастырылып жатқанын қоса кетті.
Алматы туризм басқармасының өкілі Қытайдың туристік нарығының әлеуеті зор деп санайды. Өткен жылы Қазақстан WeChat және Weibo платформаларында ауқымды таныстыру сипатындағы іс-шарасын бастады. Биылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша тек Қытайдан көрермендер саны 50 миллионнан асыпты. Келесі жылы Алматыда Қытай туристерін тағы көбірек тарту үшін көптеген іс-шара өтеді.
Қимыл барысында екі тараптың компания өкілдері B2B алмасу іс-шараларына қатысты. Сонымен қатар жиналған жұртшылық Қазақстанның ерекше ұлттық тағамдарынан дәм татып, әсем ән мен күмбірлі күй тұнған керім кештен ләззат алды.
people.cn © People's Daily Online