- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: Стратегиялық зымыран күштерінің стратегиялық айбатын және нақты жауынгерлік қуатын арттыру керек
21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери Комитет Төрағасы Си Цзиньпин бейсенбіде Қытай Халық-Азаттық армиясының Зымыран бригадасын тексеру кезінде маңызды сөз сөйлеп, стратегиялық зымыран күштерінен стратегиялық айбаты мен нақты жауынгерлік қабілеттерін күшейтуді, партия мен халық өздеріне жүктеген міндеттерді батыл орындауды талап етті.
Бейсенбі күні таңертең Си Цзиньпин 50 жылдан астам тарихы бар стратегиялық зымыран күштеріне шолу жасады. 2012 жылы партияның 18-ші құрылтайынан бастап бригада нақты жауынгерлік әскери дайындықты белсенді түрде жүргізіп, бірқатар маңызды міндетті орындады.
Си Цзиньпин бригаданың жаттығу алаңына барып, бригаданың қару-жарақ пен техникалық сипаттамалары туралы білді және қару-жарақты пайдалану жаттығуларының жағдайын тексерді.
people.cn © People's Daily Online