Си Цзиньпин БРИКС елдері басшыларының 16-ыншы кездесуінде маңызды баяндама жасады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 қазан
Си Цзиньпин БРИКС елдері басшыларының 16-ыншы кездесуінде маңызды баяндама жасады

24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 23 қазан түске дейін Қазан Конгресс-көрме орталығында БРИКС елдері басшыларының он алтыншы кездесуі өтті. Кездесуге Ресей Президенті Владимир Путин төрағалық етті. Іс-шараға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Бразилия Президенті Луис Инасио Лула да Силва (онлайн), Египет Президенті Абдул Фаттах Ас-Сиси, Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмед Али, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Оңтүстік Африка Президенті Матамела Сирил Рамафоса, БАӘ Президенті Мұхаммед және басқалар қатысты. Си Цзиньпин кездесуде маңызды сөз сөйледі.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото