Шыңжаңда ұзын талшықты мақтаны теру маусымы басталды (7)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қазан
Шыңжаңда ұзын талшықты мақтаны теру маусымы басталды

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Алтын күзде Шыңжаңның Ақсу аймағы Ауат ауданы ұзын талшықты мақта жинау маусымына көшті. Үлкен мақта жинайтын көліктер атыздарда жүйіткіп, аппақ мақталар жиналып, оралып, тиеліп, жұмыс қарбалас жүріп жатты. Жоғары стандартты ауылшаруашылық алқаптарын салудың арқасында жергілікті мақтаның көктемгі егісінен бастап егін жинауға дейінгі барысы механикаландырылған. Ауат ауданында мақта өсірудің ұзақ тарихы бар. Мұнда өсірілетін ұзын талшықты мақталар талшығы ұзын әрі жіңішке, үзілмейтін ерекшеліктерге ие. Сондықтан тұтынушылар арасында өте танымал.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото