Чусюн облысының И кестесі Париждің сән көрмесінде

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 қазан
Чусюн облысының И кестесі Париждің сән көрмесінде

28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Сол жақтағы суретте 2019 жылғы 19 ақпанда Чусюн И автономиялық облысының Йунжэнь ауданының Чжыцзюй ауылында сән көрмесіне қатысып жатқан бойжеткен бейнеленген (Синьхуа ақпарат агенттігінің суреті); Оң жақтағы суретте 2024 жылғы 26 қыркүйекте Францияның Париж қаласында өткен Қытайдың Чусюн материалдық емес мәдени мұрасы киімдерінің сән көрмесіндегі сәнгер.

Жақында Францияның Париж қаласында Қытайдың Юньнань өлкесінің Чусюн облысы И киімдері материалдық емес мәдени мұрасының сән көрмесі өтті. 1700 жылдан астам тарихы бар бұл ұлттық материалдық емес мәдени мұра халықаралық негізгі сән сахнасында бой көрсетті.

Барлығы 35 жиынтық Чусюн материалдық емес мәдени мұра сәнін сол күні қытайлық және шетелдік модельдер киіп, көрерменге көрсетті. Бұл костюмдер заманауи дизайн тұжырымдамалары мен тігу әдістерін қолдана отырып, Чусюн И халқының дәстүрлі костюмдерінің материалдық емес мәдени мұрасының ерекшеліктерін көрсетіп, залға шақырылған 100-ден астам көрерменнің назарын аударды.

Биыл Қытай мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 60 жыл, сонымен қатар бұл Қытай мен Франция арасындағы мәдени және туризм жылы. 2024 жылғы Париж сән апталығы·Қытай Чусюн материалдық емес мәдени мұра киімдерінің сән көрмесі - Қытай мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 60 жыл толуына арналған іс-шаралар сериясының бірі. Бұл көрмедегі И костюмдерінің туындыларын мәдени мұра мұрагерлері, өнер колледждерінің костюм дизайнерлері және т.б. дәстүрлі мәдениетті заманауи эстетикамен, этникалық ерекшеліктерімен және халықаралық тенденциялармен шебер үйлестіре отырып, бірлесіп әзірлеген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото