Ішкі Моңғұлда қар-мұз туризмі маусымы басталады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қарашада Йәкеши қаласында 2024-2025 жылдарға арналған Ішкі Моңғұл автономиялық регионы қысқы туризмі және Хулунбуир қар-мұз туризмі маусымының іс-шаралары басталды.

Ішкі Моңғұл автономиялық регионы Мәдениет және туризм басқармасының хабарлауынша, алдағы бес айда Хулунбуирден бастап үш топтамада арнайы қысқы туристік өнімдер сериясы іске қосылады. Туристер үшін қар-мұз әлемінде Ішкі Моңғұлдың бірегей табиғатын сезінуге мүмкіндік беретін түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Сол күні қарда атпен жүру, қарлы даладағы хотпот, дәмді тағамдар, мұз картинг, қар мүсіндерін тамашалау және басқа да шаралар атқарылды. Сонымен бірге, іс-шара өтетін орынның жанында «Самұрық» тау шаңғысы курорты ашылып, жол талғамайтын көліктердің жолға шығу рәсімі өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото