«Қос 11» жедел жеткізілімдерді жүрдек пойызбен тасыды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қараша
«Қос 11» жедел жеткізілімдерді жүрдек пойызбен тасыды

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы «Қос 11» кезеңінде China Railway Chengdu Bureau Group Co., Ltd. компаниясы Куньмин мен Чэнду арасында жұмыс істейтін жоғары жылдамдықты теміржол экспресс пойыздары негізінде тасымалдау мүмкіндігін оңтайландыруды жалғастырып, «Қос 11» электронды-коммерциялық жедел жолдамаларды тез әрі іркіліксіз жеткізуге көмектесті.

Мәліметтерге сәйкес, 4-11 қараша аралығында Шуанлю батыс станциясының жүрдек пойыздары тәулігіне 8000 данаға жуық, ауырлығы 50 тоннадан астам жүк жөнелтті. Тауарлар күнделікті қолданылатын бұйымдар, киім-кешектер, электронды өнімдерді қамтиды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото