«Әлем аруы-2024» байқауында даниялық бойжеткен жеңімпаз болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 қараша
«Әлем аруы-2024» байқауында даниялық бойжеткен жеңімпаз болды

Сұлулық байқауында 120-дан астам елдің өкілі бақ сынады деп жазды ҚазАқпарат.

Мексикада жыл сайын өтетін «Әлем аруы-2024» байқауының кезекті 73-інші кезеңінің қорытындысы жарияланды. Онда Дания елінің өкілі Виктория Кьер Тейлвиг жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мексикада өткен халықаралық сұлулық байқауына Қазақстан атынан 24 жастағы Мәдина Әлмұханова қатысты. Ол ұлттық киімдердің сән көрсетілімінде өнер көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото