- Барлық ақпарат
Учжэнь Интернет көрмесі: 53 ел мен аймақтан қытайлық және шетелдік 665 компания мен мекеме қатысты
20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін таңертең 2024 жылғы Дүниежүзілік интернет конференциясы «Интернет жарығы» көрмесі Цзясин қаласының Учжэнь қалашығында ашылды.
Көрме 53 ел мен аймақтан келушілерді тартты. Бес негізгі бөлімнен құралып, «офлайн нақты көріністер + онлайн бұлттық көрмелер» арқылы жаһандық Интернеттің соңғы даму нәтижелерін және жасанды интеллект саласындағы жаңа технологиялар мен өнімдерді жан-жақты көрсетеді. Көрмеге қытайлық және шетелдік 665 компания мен мекеме қатысты.
Бұдан бөлек, бұл көрме сценарий негізінде гуманоидты роботтар үшін арнайы аймақ құрды. Сонымен бірге көрмелерді ұйымдастыруда интеллект деңгейін арттыру үшін цифрлық адамдар, агенттер және метаверстер сияқты цифрлық технологияларды толық пайдаланды.
Көрме барысында 100-ден астам жаңа өнім мен жаңа технология жарияланады, өнеркәсіптік кооперацияны ұштастыру үшін 5 арнайы іс-шара өткізіледі. Өнімдер, жобалар, таланттар және капитал ынтымақтастығын әр қырынан ұштастыруға ықпал етеді.
people.cn © People's Daily Online