- Барлық ақпарат
Қытайдың кедейліктен құтылу тәжірибесі
21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша қарашаның 18 күні таңертең Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен G20 елдері көшбасшыларының 19-ыншы саммитіне қатысты. Саммиттің бірінші кезеңіндегі «Аштық және кедейлікпен күрес» тақырыбын талқылау барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың барлық тараппен бірге әрекет етіп, ортақ дамудың әділетті әлемін құруға, кедейлікті өткенге айналдырып, тамаша болашақты іске асыруға дайын екенін атап көрсетті.
Реформа жасап, ашық есік саясатын атқарғаннан бері Қытайдың жүздеген миллион ауыл тұрғындары кедейліктен арылып, абсолютті кедейлік мәселесін тарихи түрде шешіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібіндегі кедейлікті азайту мақсаттарына мерзімінен 10 жыл бұрын қол жеткізіп, дүниежүзілік кедейлікті азайтуға 70%-дан астам үлес қосады.
Қытайдың кедейліктен құтылу сапары табандылық пен күрес рухымен дамушы елдердегі кедейлік мәселесін шешуге болатынын көрсетеді. Қытайдың табысқа жеткені, басқа дамушы елдер де табысқа жете алатынын білдіреді. Бұл Қытайдың кедейлікпен күрестегі табысты жеңісінің жаһандық маңызы.
people.cn © People's Daily Online