Бұландарды қорғау ұлттық ғылыми орталығы ресми түрде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 қараша

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңде 19 қарашада бұландарды қорғау ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ресми түрде іске қосылды. Ол бүкіл ел бойынша бұлан және басқа да бұғы тектес жануарлар тобын ғылыми қорғау мен бақылау жүйесін ілгерілетіп, сазды жерлердің биоәртүрлілігін қорғауға көмектеседі.

Бұлан - ұлттық бірінші деңгейде қорғауға алынған жануар. Деректер біздің елде бұландардың миллиондаған жылдар бойы өмір сүргенін көрсетеді. Кейінірек табиғи апаттар мен адам әрекетінің күшеюіне байланысты олар 20 ғасырдың басында елімізде жойылып кеткен. 1985 жылдан бері елге шетелден 77 бас бұлан әкелінді. Қазіргі уақытта жасанды өсіру, табиғатқа қоя беру және басқа да шаралардың арқасында еліміздегі бұландар саны 10 000-нан асты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото