2024 Қытай халықаралық туристік сауда жәрмеңкесі Шанхайда өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қараша
2024 Қытай халықаралық туристік сауда жәрмеңкесі Шанхайда өтті

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы 23 қарашада «2024 Қытай халықаралық туристік сауда жәрмеңкесі» Ұлттық көрме орталығында (Шанхай) өтті. «Сәлем, Қытай!» тақырыбымен ұйымдастырылған іс-шара 3 күнге созылады. Жәрмеңкенің көрме алаңы шамамен 53 000 шаршы метрді құрайды, барлығы 6 тақырыптық көрме аймағынан тұрады. Олар: отандық мәдениет-туризм көрме аймағы, мәдени туризмнің ғылыми-техникалық көрме аймағы, мәдени шығармашылық көрме аймағы, кіру туризмін жеңілдету және туристік қызмет көрсету көрме аймағы, мәдениет және туризм тәжірибесі аймағы, шетел мәдениет аймағы және туристік көрме аймағы. Жәрмеңке 80-нен астам ел мен аймақтан 1000-нан астам халықаралық экспонент пен 600-ге жуық шетелдік туристік агентті тартты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото