Қытай дербес әзірлеген алғашқы жаңа ірі типті СТГ тасымалдаушы кемесі табыс етілді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қараша
Қытай дербес әзірлеген алғашқы жаңа ірі типті СТГ тасымалдаушы кемесі табыс етілді

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қарашада Қытай дербес әзірлеген алғашқы ауқымды 175 000 текше метр Mark III Flex мембраналық сұйытылған табиғи газ (LNG) «AL SHELILA» тасымалдушы кемесі Абу-Даби Ұлттық мұнай компаниясына (ADNOC) табыс етілді.

Кеме сұйытылған табиғи газды сақтау үшін соңғы үшінші буын мембраналық сақтау жүйесін пайдаланады. Бұрынғымен салыстырғанда жүк қоймасындағы СТГ-ны оқшаулауға жауапты оқшаулау және экрандау қабаттарының қалыңдығы 530 мм-ден 400 мм-ге дейін қысқарды, осылайша бірдей көлемдегі СТГ тасымалдаушы кемесі көбірек жүк тией алады. Сонымен қатар кеме тасымалдау кезінде газдың булану шығынын азайтады. Кеме жоғары қауіпсіздік, энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау сипаттамаларына ие бола отырып, халықаралық озық деңгейге жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото