Оңтүстік Кореядағы Қытай халықтық ерікті армиясы құрбандарының он бірінші партиясы Қытайға оралды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 қараша
Оңтүстік Кореядағы Қытай халықтық ерікті армиясы құрбандарының он бірінші партиясы Қытайға оралды

28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қарашада Оңтүстік Кореядағы Қытай халықтық ерікті армиясы құрбандарының он бірінші партиясы отанына оралды.

28 қарашада таңертең Қытай мен Оңтүстік Корея бірлесіп, Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы құрбандар мәйіттерін уақытша орналастыру орталығында Оңтүстік Кореядағы Қытай халықтық ерікті армиясының он бірінші партиясының мүрдесін табытқа салу рәсімін өткізді. Оңтүстік Корея тарапы Қытайға 43 құрбанның сүйегі мен 495 жәдігерін тапсырды.

Табытқа салу рәсімінен кейін Қытай мен Оңтүстік Корея құрбандардың табыттарын Оңтүстік Кореяның Инчхон халықаралық әуежайына бірлесіп жеткізді.

2014 жылдан бері Қытай мен Оңтүстік Корея халықаралық құқық пен гуманитарлық қағидаларды ұстанып, шынайы достықта және прагматикалық ынтымақтастықта болып, 11 жыл қатарынан Оңтүстік Кореядағы Қытай халықтық ерікті армиясының 981 құрбанының сүйегі мен оларға қатысты жәдігерлерді отанға әкелді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото