Шэньчжэнь шығанағындағы жыл құстарының жерұйығы Шэньчжэнь экологиясы мен урбанизациясының тамаша интеграциясын көрсетеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 қараша
Шэньчжэнь шығанағындағы жыл құстарының жерұйығы Шэньчжэнь экологиясы мен урбанизациясының тамаша интеграциясын көрсетеді

29 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында онлайн «Халық газетінің» тілшілер ұжымы Қытайдың реформа мен ашылуының алдыңғы шебі саналатын Шэньчжэнь қаласындағы Шэньчжэнь шығанағы саябағын аралап, жағалаудағы қаланың эко-туризмді дамыту үлгісімен танысты.

Шэньчжэнь шығанағы саябағы Шэньчжэнь қаласының оңтүстік-батысында орналасқан, жалпы ауданы шамамен 128,74 га, жағалау сызығы 13 шақырым. Бұл Шэньчжэндегі ең танымал саябақтардың бірі. Саябақта жыл сайын 12 миллионнан астам туристі тартатын 14 тақырыптық бақша бар. Бұл азаматтардың демалуына және көңіл көтеруіне қолайлы орын ғана емес, сонымен қатар Шығыс жарты шардағы ел аттап қоныс аударатын жыл құстары үшін жайлы мекен. Жыл сайын қазан айынан келесі жылдың сәуір айына дейін мұнда мекендеп, көбею үшін жүздеген құс түрінің 100 мыңнан астам жыл құсы келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото