Қытайдың (Шыңжаң) еркін сауда пилоттық аймағының инновациялық және даму зерттеу орталығы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 желтоқсан
Қытайдың (Шыңжаң) еркін сауда пилоттық аймағының инновациялық және даму зерттеу орталығы ашылды
Сурет Tianshan сайтынан алынған

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Желтоқсанның бірінші күні Қытайдың (Шыңжаң) еркін сауда пилоттық аймағының инновация және даму зерттеу орталығы ресми түрде ашылды, бұл Шыңжаң пилоттық еркін сауда аймағының сараптамалық орталығының ресми құрылғанын білдіреді.

Ғылыми орталықты Автономиялық регионның сауда бөлімі, Шыңжаң университеті және Қытай (Шэньчжэнь) жан-жақты дамыту ғылыми-зерттеу институты бірлесіп салған. Орталық жоғары деңгейдегі зерттеу платформасын құруға, негізгі мәселелерге назар аударуға және терең зерттеулер жүргізуге бағытталған. Шыңжаң еркін сауда пилоттық аймағының жоғары деңгейде және сапалы дамуына интеллекттік қолдау көрсетіп, Шыңжаңның реформасын тереңдетуге және ашықтығын кеңейтуге жан-жақты көмектеседі.

Бір жыл бұрын Шыңжаң еркін сауда пилоттық аймағы құрылғаннан бері көптеген институционалдық инновациялық жетістіктер мен типтік жағдайлар қалыптасты. Қазан айының аяғына дейін Шыңжаң еркін сауда пилоттық аймағында 84 реформалық пилоттық тапсырма орындалды және кезеңдік нәтижеге қол жеткізді, бұл жалпы тапсырмалардың 62,2%-ын құрады.

Қаңтар-қазан айлары аралығында Шыңжаң еркін сауда пилоттық аймағының импорт-экспортының жалпы көлемі 145,696 миллиард юаньға жетіп, Шыңжаңның импорт-экспортының жалпы көлемінің 40,16%-ын құрады. Шетелдік инвестицияланған 90 жаңа кәсіпорын құрылып, олардың жалпы саны 206-ға жетті, құрыла бастағаннан бері 77,59%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото