- Барлық ақпарат
100 000-шы Қытай-Еуропа пойызы Германияның Дуйсбург қаласына жетті
4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 3 желтоқсанда 100 000-шы Қытай-Еуропа жүк пойызы Германияның Дуйсбург қаласындағы DIT станциясына кірді.
Жергілікті уақыт бойынша 3 желтоқсанда сағат 9:10-да Қытай-Еуропа бағытындағы 100 000-шы жүк пойызы X8083 Қытайдың Чунцин қаласындағы Туаньчзе ауылы орталық станциясынан аттанып, Германияның Дуйсбург қаласына ойдағыдай жетті. Алғашқы пойыз 2011 жылы іске қосылғаннан бері Қытай-Еуропа жүк пойыздары қарқынды арттырып, 10 000 пойызды жөнелтуге қажетті уақыт бастапқы 90 айдан 6 айға дейін қысқарды. Осы уақытқа дейін Қытай-Еуропа жүк пойыздары Еуропаның 25 еліндегі 227 қаланы және Азияның 11 еліндегі 100-ден астам қаласын қамтитын жүк құны 420 миллиард АҚШ долларынан асатын 11 миллион TEU-дан астам жүк жөнелтті.
people.cn © People's Daily Online