Шыңжаң фермерлері құм даладан «алтын іздеп жүр» (5)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 желтоқсан
Шыңжаң фермерлері құм даладан «алтын іздеп жүр»

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 43 жастағы Мәмет Мәтсәди Шыңжаңдағы Ние ауданының тумасы. Бала кезінен ол Такламакан шөлінің оңтүстік баурайында өмір сүріп келеді.

20 ғасырдың аяғында Шыңжаң бораннан сақтанып, құмды тізгіндеу жобаларын және құм өнеркәсібін алға тартты. Мәмет кооперативтерде етті сұңғыла қазудан бастап, кейінірек етті сұңғыла отырғызу технологиясын үйреніп, кәсіп ашты. 2018 жылға қарай ол жылдық табысы 50 000 юаньнан асатын қызыл тал мен етті сұңғыла отырғызу үшін 10 му құмді жерді жалға алып, баю жолына түсті.

2024 жылдың шілдесінде жергілікті орын егіншілерді шөлейттенуді тізгіндеуге жұмылдырды. Осы кезде Мәмет жергілікті саясаттың қолдауымен қызыл тал мен етті сұңғыла отырғызуды жоспарлады. Сөйтіп 700 му құмды жерді жалға алуға бел буды. Қазіргі уақытта құмды тегістеуді аяқтап, келесі көктемде егуді күтіп отыр.

Соңғы жылдары Шыңжаңның Хотан аймағы Ние ауданы құмды тізгіндеу жобасын белсенді түрде ілгерлетіп, ұзындығы 3046 шақырымдық жасыл құмды бөгейтін қорғаныс белдеуі толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта Хотан аймағындағы 8 277 үй шаруашылығы 412 000 му құмды жерді көтермеге алып, 14 фермерлік кооператив пен 33 кәсіпорын құмданудың алдын алу мен құмды тізгіндеуге қатысып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото