- Барлық ақпарат
41-інші антарктикалық экспедиция - «Xuelong» нөмірлі кемелер жүк түсіріп жатыр
12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың 41-інші антарктикалық экспедициялық миссиясын орындаған «Xuelong» және «Xuelong2» нөмірлі кемелері Антарктидадағы Чжуншань станциясының аумағында жүк түсіру жұмыстарын бастады.
Чжуншань станциясы Антарктидадағы Приз шығанағы маңында орналасқан. Керек-жарақтарды зерттеу кемесінен Чжуншань станциясына дейін тасымалдауға жол бойы мұздарды бұзып жақындап, сосын қарда жүретін көлікпен немесе тікұшақпен түсіру керек.
Теңіз мұзының күрделі жағдайына байланысты «Xuelong2» нөмірлі кеме қысқа мерзім ішінде «Xuelong» нөмірлі кемені жоспарланған жұмыс орнына дейін бастай алмады. Кейінгі миссияның үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін экспедиция тобы алғаш рет «Xuelong2-ні» паром кемесі ретінде пайдаланып, «Xuelong» үшін кейбір ауыр материалдарды сәтті тасымалдап, Чжуншань станциясының жанындағы жүк түсіру орнына апарды. Енді сол жерден қарда жүретін көлікпен заттарды Чжуншань станциясына апарады. «Xuelong» кемесінде қалған басқа керек-жарақтар тікұшақпен тікелей станцияға жеткізілді.
people.cn © People's Daily Online