- Барлық ақпарат
Қытай ғалымы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Earth Guardian Award» сыйлығын еншіледі
13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы 10 желтоқсанда онлайн режимінде 2024 жылғы «Earth Guardian Award» сыйлығының лауреаттарын жариялады. Қытайлық ғалым, Санбэй Инженерлік институтының деканы Лу Ци Қытайда жердің деградация тенденциясын қалпына келтіруге және шөлейттену аймағын азайтуға қосқан үлесі үшін «Earth Guardian Award» сыйлығының «Ғылым және инновация» жүлдесін жеңіп алды. Ол «Ғылым және инновация» номинациясы бойынша марапатқа ие болған алғашқы қытайлық болды.
30 жылдан астам уақытқа созылған мансабында Лу Ци өзін Қытайдағы шөлейттенудің алдын алу және бақылау ісіне арнады, Қытайда жердің деградация тенденциясын қалпына келтіруге және құмды жерлердің көлемін азайтуға үлес қосқты, әлемдегі ең ірі орман өсіру жобасын жүзеге асыруда және шөлді экологиялық зерттеу желілері мен серіктестіктерін құруда шешуші рөл атқарды.
people.cn © People's Daily Online