9 сағат! Шэньчжоу-19 ғарышкерлері кабинадан тыс іс-шаралар ұзақтығы бойынша жаңа рекорд орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 желтоқсан
9 сағат! Шэньчжоу-19 ғарышкерлері кабинадан тыс іс-шаралар ұзақтығы бойынша жаңа рекорд орнатты

18 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Басқарылатын ғарыштық инженерия басқармасының мәліметі бойынша, Бейжің уақытымен 17 желтоқсан сағат 21:57-де, Шэньчжоу-19 экипажының астронавттары Цай Сюйчжэ, Сун Линдун және Ван Хаозэ өзара тығыз селбесу арқылы және ғарыш станциясының роботтық қолы мен жердегі зерттеушілерінің қолдауымен, 9 сағаттық кабинадан тыс іс-шаралар жүргізіп, станция сыртына ғарыш қоқыстарынан қорғау құрылғыларын орнату, ғарыш станциясының сырдындағы жабдықтарды тексеру және бір жақтылы ету т.б. тапсырмаларды орындады. Ғарышкер Цай Сюйчжэ мен Сун Линдун Вэньян ғарыш станциясының эксперименттік модуліне аман-есен оралды. Шэньчжоу-19 экипажының алғашқы шығу әрекеті толығымен сәтті болды. Бұл қытайлық астронавттардың шығу әрекетінің ұзақтығы бойынша тағы да жаңа рекорд орнатуы. Ғарышкер Цай Сюйчжэ екі жыл үзілістен кейін қайтадан ғарышқа шықты, ал Сун Линдун Қытайдағы 90-шы жылдардан кейін туылған ұрпақтың алғашқы ғарышкері болды.

Жоспарға сәйкес, Шэньчжоу-19 миссиясы кезінде кадрлық және қолданбалы жүктеме бойынша тысқа шығу іс-шаралары жүзеге асырылады, сонымен қатар көптеген ғылыми эксперименттер мен техникалық сынақтар жүргізіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото