Астананың бас шыршасы жағылды (7)

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 желтоқсан
Астананың бас шыршасы жағылды

«Астана Арена» стадионының аумағында қаланың басты жаңажылдық шыршасы жағылды деп жазды ҚазАқпарат. Салтанатты іс-шараға мыңнан астам адам жиналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас шыршаның биіктігі 25 метрге жетеді.

– Биыл бас шырша табиғи пішінде жасалған, сәукеле секілді жан-жағы жұқа желекпен сәнделген. Бұл шыршаға шамамен 3000 ойыншық пен көптеген гирлянда қолданылды, – деді «Астанагенплан» мекемесінің директорының орынбасары Елнар Базыкен тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, стадион аумағында тұрғындар үшін көптеген ойын-сауық – мұз айдындары, сырғанақтар, фотозоналар, жәрмеңкелер мен дәмханалар ашылды.

Айта кетейік, дәл осы уақытта Астананың алты ауданында да жаңажылдық 30 шырша қатар жағылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото