26-ншы Харбин қар-мұз әлемі ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 желтоқсан
26-ншы Харбин қар-мұз әлемі ресми түрде ашылды

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 желтоқсанда 26-ншы Харбин қар-мұз әлемі ресми түрде ашылды. Қар-мұз әлемі тақырыбы 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарына арналған. Жалпы жоспарланған аумақ 1 миллион шаршы метрді құрайды. Ал пайдаланылған қар-мұздың көлемі 300 000 текше метрге жетті. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш. Саябақта тоғыз негізгі бөлімше аумақ бар. «Азия бірлікте» бас мұнарасы сынды бірқатар көрнекті ландшафттар қар-мұз түрінде бейнеленген. Бұл Азия ойындары кеңесінің мүшесі болған 42 елдің және 3 аймақтың ерекшеліктерін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото