- Барлық ақпарат
Астанада мерекелік тақырыпта безендірілген Жаңа жылдық электропойыз жолға шықты (2)
Қазақстанның «Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекелік тақырыпта безендірілген Жаңа жылдық электропойызды жолға шығарды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Электропойыз аптасына бес рет №6803/6804 «Астана-Атбасар» және №7507/7508 «Астана-Көкшетау» бағыттарында қатынайды.
Биылғы жаңа жылдық электропойыздың сыртқы безендіруі қар ұшқындары мен Аяз ата және Ақшақардың бейнелерімен ерекшеленеді. Вагондардың ішкі бөлігі шырша ойыншықтары, гирляндалар және қар өрнектерімен әсемделіп, жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлайды.
Балалар үшін арнайы пошта жәшігі орнатылған. Онда олар өз тілектерін жазып, Аяз атаға хат жібере алады. Сондай-ақ, жолаушылардың жайлылығы үшін пойызда жаңа піскен нан-тоқаш, сусындар мен тәттілерді қолжетімді бағамен ұсынатын буфет қарастырылған.
people.cn © People's Daily Online