54 жастағы университет күзетшісі желіде танымал болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 желтоқсан
54 жастағы университет күзетшісі желіде танымал болды

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Нанькай университетінің 54 жастағы күзетшісі желіде танымал болды. Ағаш тақтайшалардан жасалған үстелде қыл қаламын жорғалатып, құсни хат жазып жатқан оның бейнесін көрген университет студенттері «сізді көріп уайымнан арылдық» деп жатты.

Лю Шоули бала кезінен каллиграфияға бейім болған, бірақ өмірдің ауыр жүгін ерте арқалаған ол әуесін жүрек түбінде сақтап ғана қалдырды. 2022 жылдың басында жас ортасынан асқан Лю Шоули Қытайдың танымал білім ордаларының бірі Нанькай университетіне күзетші болып жұмысқа тұрады. Ол қызметтестерімен бірге университет ауласын күзетіп, өзінің бала күнгі әуесін жалғастырды. «Нанькай университетінде үйрену атмосферасы ерекше, тынышталып отырып құсни хат жазғанға ыңғайлы», - дейді күзетші. Күзетші демалыс уақытында құсни хат жазғанға машығып келеді, бұл жас студенттерге шабыт беріп, университеттің білім атмосферасын арттырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото