- Барлық ақпарат
Шыңжаңда әлемдегі ең ұзын жоғары жылдамдықты туннель салынды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 желтоқсан
31 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Тяньшань Шэнли туннелі 30 желтоқсанда аяқталды. Бұл жаңа туннель қарлы тауды кесіп өтеді және ол әлемдегі ең ұзын тас жол туннелі саналады.
Тяньшань Шэнли туннелі - Шыңжаңның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын маңызды өткел. 22,13 шақырымдық туннель ашылғаннан кейін Тяньшань тауының ортаңғы бөлігін кесіп өтуге кететін уақыт бірнеше сағаттан 20 минутқа қысқарады.
Бұл Үрімжі-Лопнұр жоғары қарқынды тасжолының негізгі жобасы. Оны 2025 жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаның арқасында екі бағыт арасындағы көлікпен жүру уақыты шамамен жеті сағаттан үш сағатқа дейін қысқарады.
Тяньшань Шэнли туннелінің құрылысы 2020 жылдың сәуірінде басталып, 5 жылға жуық уақытқа созылды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online