- Барлық ақпарат
Шэньсиден Сянганға алғашқы тікелей жүрдек пойыз ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 қаңтар
6 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қаңтар күні G828 пойызы Сианьның Солтүстік теміржол вокзалынан жолға шықты. Бұл Сианьнан Сянганға тікелей жүрдек теміржол пойызының ресми ашылғанын білдіреді. Сөйтіп, Шэньси өлкесінен Сянганға тікелей жүрдек теміржол пойызы бірінші рет ашылды.
Пойыз Шэньси, Хэнань, Хубэй, Хунань, Гуандун және басқа өлкелер мен аймақтар арқылы өтеді. Сиань мен Сянган арасындағы жолға кететін уақыт 11 сағатқа жетпейді.
«Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін біздің қызметкерлер қытай, ағылшын және кантон тілдерін меңгерді», - дейді Сиань Теміржол вокзалы бастығының орынбасары Ло Синь.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online