Сицзан Динжи ауданындағы жер сілкінісі салдарынан 126 адам қаза тауып, 188 адам жарақат алды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 қаңтар
Сицзан Динжи ауданындағы жер сілкінісі салдарынан 126 адам қаза тауып, 188 адам жарақат алды

8 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қаңтарда тілшінің ҚКП Шигадзе қалалық комитеті Үгіт-насихат бөлімінен алған мәліметіне сәйкес, Бейжің уақытымен 7 қаңтар күні 19:00-дегі жағдай бойынша Динжи ауданындағы жер сілкінісі салдарынан 126 адам қаза тауып, 188 адам жарақат алған. Олардың ішінде 28 ауыр науқас қалалық ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Қирап, бүлінген үйлер саны 3609-ға жеткен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото