- Барлық ақпарат
Шопан Сигирдің қолдан жасаған «қойлары»
7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ішкі Моңғұлдың Силин Голгедегі бір қолөнерін үйрету базасында үлпілдеген қой жүндері әйел шакірттердің шебер қолында сүйкімді қуыршақ қозыларға айналып жатыр.
Оқу базасында жұмыс істейтіндердің барлығы жергілікті малшы әйелдер. Бұл шебер әйелдер қуыршақ жасау арқылы күніне 200 юаньнан артық кіріс табады.
Оқу базасын құрушы Сигир тілшіге берген сұхбатында жақында Бейжің мен Шанхайдан жүннен жасалған 1000 қозыға тапсырыс алғанын айтты. Базадағы шәкірттер 10 күннің ішінде тапсырысты бітіріп, қозыны жасау әдісін желіге салып, танымал болыпты.
Сигир бала кезінен сурет салу мен қолөнер бұйымдарын жасауды әдетке айналдырыпты. Оны туған жерінің мал шаруашылығында жүн мен қой терісінің пайдаланбай жатқаны қатты қынжылтады. Сөйтіп, ол керексіз заттарды іске асырып, қолөнер бұйымдарын жасайтын шәкірттер тәрбиелесем деген ойға келеді. Сигир 2016 жылы ашқан алғашқы оқу курсынан бастап қазірге дейін 2000-нан астам жергілікті шәкірттерді кәсіпке баулып шығарды.
Сигирдің кәсіпорны 2019 жылы құрылғаннан бастап, 5 жылдық дамудың арқасында қазір көптеген патент пен авторлық куәлікті жеңіп алған. Оның киізден, жүннен жасалған бұйымдар жиынтығы аймақтағы мәдени туризм тауарларының тізіміне енді.
Соңғы 2 жылдан бері, оқу базасы елдің түкпір-түкпірінен және Малайзия мен Жапония сияқты шетелдерден тапсырыстар қабылдай бастады.
Жергілікті туризм индустриясы танымал бола бастаған сайын, Сигирдің тапсырыстары көбейіп келеді. Сигирдің айтуынша, қазіргі уақытта қолөнерді үйренуге қызығатындар қатары молайған. Ол осы өнерді көбірек адамдар үйреніп, жергілікті тұрғындардың табысын молайтуға және туған жерінің фольклоры мен мәдениетін насихаттауға дем берсе деп армандайды екен.
people.cn © People's Daily Online