- Барлық ақпарат
Гугун мұражайының 100 жылдығына арналған алғашқы көрме -- Хотан нефрит көрмесі
9 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Гугун мұражайының құрылғанына 100 жыл толуына арналған алғашқы көрме ретінде 7 қаңтар күні Чжай сарайының көрме залында Цин әулеті сарайының Хотан нефрит мәдениеті арнайы көрмесі ашылды. Сарайда сақталған 19000-нан астам нефриттердің ішінен 258 сапалы Хотан нефрит ыдыстарын талдап алып, 5 бөлікке бөліп көрмеге қойды. Олардың ішінде 28 экспонат «ұлттық қазынаға» жатады, ал 130-ға жуығы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр.
Деректерге сәйкес, Хотан нефриті Қытай нефрит мәдениетінің негізгі тасымалдаушысы. Шыңжаңның Хотан аймағы Қытай тарихындағы ең маңызды нефрит өндіруші орын. Цин әулетінің Цянлун патшалығының 26-ыншы жылы (1761 жыл) нефрит сиға тарту жүйесін енгізу Хотан нефритін пайдалануды тарихи шыңға шығарды. Осылайша, Хотан нефритін өндіру мен пайдалану бұрын-соңды болмаған дәрежеде өркендеді.
people.cn © People's Daily Online