Шыңжаңдағы Бостан көлі қысқы балық аулау маусымын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 қаңтар
Шыңжаңдағы Бостан көлі қысқы балық аулау маусымын бастады

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қаңтарда Шыңжаңның Бағыраш ауданындағы Бостан көлінде қысқы балық аулау маусымы басталды. Алғашқы қармақ салған күні 5 тоннадан астам балық ауланды. Салмағы 18 келі сазан осы маусымда ауланған "ең үлкен балық" ретінде аукционға қойылып, 118 800 юаньға сатылды.

Бұл жерде қысқы балық аулау маусымы ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Жыл сайын қаңтардың ортасынан ақпанның аяғына дейін мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристер қар-мұздан ләззат алуға, қысқы балық аулауды тамашалауға, жаңа ауланған балықтардың дәмін татуға келеді.

Бостан көлі - Қытайдағы ең ірі ішкі тұщы су көлі. Оның акваториясы 1646 шаршы шақырымды құрайды және су ресурстарына бай. Бұл Шыңжаңдағы ең ірі балық шаруашылығы өндірістік базасы ғана емес, сонымен қатар елдегі ең ірі органикалық балық өндіру аймағы. Қазіргі уақытта көлде балықтың 32 түрі тіршілік етеді. Олардың жылдық өнімі шамамен 4000 тоннаны құрайды.

Фото:Тяньшань сайты

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото