Сицзанның Динжи ауданындағы жер сілкінісінен кейін тұрғындардың заттарын тауып алуға көмектесу үшін тазалау жұмыстары жүргізілуде (4)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 қаңтар
Сицзанның Динжи ауданындағы жер сілкінісінен кейін тұрғындардың заттарын тауып алуға көмектесу үшін тазалау жұмыстары жүргізілуде

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қаңтарда Сицзан автономиялық регионы Шигадзе қаласы Динжи ауданында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Апат аймағы апаттың салдарын жоюдың бесінші күнін бастады. Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдарды қоныстандыру жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Жер сілкінісінен кейін құлаған және зақымданған үйлерде қалған заттарын тезірек тауып алу халықтың көз алдындағы басты тілегіне айналды. Бұқаралардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 9 қаңтар күні сағат 17:00-де жер сілкінісінен кейін Шигадзе қаласының қирандыларын тазарту ресми түрде басталды. Қоғамдық қауіпсіздік, өрттен қорғау және қарулы полициядан тұратын құтқару күштері жер сілкінісінен кейін қирандыларды бірлесіп тазалап, халықтың өз дүние-мүліктерін тезірек тауып алуы үшін оны мүмкіндігінше тезірек аяқтап, қалыпты тұрмысты қалпына келтіру жұмыстары жеделдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото