Қытайда әлемдегі ең биік көпірдің құрылысы аяқталуға жақын

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 қаңтар
Қытайда әлемдегі ең биік көпірдің құрылысы аяқталуға жақын

16 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Guizhou Bridge Group компаниясы салған Гуйчжоудағы Люцзи-Аньлун жоғары жылдамдықты тасжолының Хуацзян шатқалындағы көпірдің барлық 93 болат арқалығы құрастырылды, енді бір-біріне жалғау қалды.

Хуацзян үлкен шатқалын кесіп өтетіндіктен, көпір «Хуацзян шатқалы көпірі» атанды. Ол Гуйчжоу өлкесіндегі Люцзи-Анлунь тасжолының негізгі жобасы. Құрылыс 2022 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп күтілген болатын. Көпірдің жалпы ұзындығы 2890 метр және су бетінен тік биіктігі 625 метр болатын болат арқалықты аспалы көпір. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол әлемдегі жаңа ең биік көпірге айналады.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото