«Шэньчжоу-19» ғарышкерлері екінші рет кабинадан шығуды аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қаңтар
«Шэньчжоу-19» ғарышкерлері екінші рет кабинадан шығуды аяқтады

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қаңтар күні сағат 1:12-де, шамамен 8,5 сағаттық кабинадан шығу іс-шараларынан кейін, «Шэньчжоу-19» экипажының астронавттары Цай Сюйчжэ, Сун Линдун және Ван Хаоцзэ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ғарыш станциясының роботтық қолы және жердегі зерттеушілерінің ынтымақтастығы мен қолдауымен ғарыш станциясының ғарыштық қоқыстардан қорғау құрылғысын орнату, кабинадан тыс жабдықтар мен қондырғыларды тексеру және басқа да тапсырмаларды орындады. Кабинадан шыққан ғарышкерлер Цай Сюйчжэ, Сун Линдун аман-есен Вэньтянь эксперименттік модуліне оралып, кабинадан шығу іс-шаралары толығымен сәтті өтті.

Енді кейінгі ғарышкерлер орбитада көптеген ғылыми тәжірибелер мен техникалық эксперименттер жүргізеді. Бірнеше күннен кейін, «Шэньчжоу-19» экипажы қарбалас жұмыс барысында жылан жылындағы Қытай жаңа жылын қарсы алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото