Қытайда осыдан 8000 жыл бұрын күріш егілгені туралы дерек табылды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 қаңтар
Қытайда осыдан 8000 жыл бұрын күріш егілгені туралы дерек табылды

26 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хунань өлкесінің Мәдени жәдігерлер және археология институты Хунань өлкесінің Чандэ қаласындағы Лисян ауданы Лицзяган қирандысынан Пэнтоушань Мәдени кезеңінен қалған екі көне күріш алқабы табылғанын хабарлады. Бұл осыдан 8000 жылдан астам уақыт бұрын мұндағы ата-бабалар күріш өсіруді бастағанын көрсетеді.

Археологтардың бұл жаңалығы Янцзы өзенінің орта ағысында күріш алқаптары пайда болған уақытты 2000 жыл арыға апарады, бұған дейін 6500 жыл бұрынғы күріш алқаптары Лисян ауданының Чэнтоушань қирандыларынан табылған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото