Жылан жылғы автокөлік экспорты алғашқы қадамын қарқынды бастады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 ақпан
Жылан жылғы автокөлік экспорты алғашқы қадамын қарқынды бастады

7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Суретте 6 ақпанда Чунцинның Юцзуй станциясында тиеуді күтіп тұрған коммерциялық көліктер.

Сол күні 281 «Чунцинде өндірілген» JSQ типті көлік тиелген пойыз (автокөлік құралдарын тасымалдауға арналған арнайы көлік) Чунциннің Юцзуй станциясынан жолға шықты. Чунцин Теміржол логистикалық орталығының мәліметтері бойынша, сегіз күндік Көктем мерекесі демалысында Чунцин Теміржолы барлығы 5743 «Чунцин көлігін» аттандырды, оның 1807-сі экспортталды. Хабарламаларға сәйкес, «Чунцинде өндірілген» көлікті тиеген пойыз Көктем мерекесі кезінде күн сайын Юцзуй станциясынан аттанып, батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізі арқылы Қытай-Еуропа пойызымен Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа нарықтарына шығады.

Жақында Чунцин кедені Чунциннің 2024 жылы 477 000 көлік экспорттағанын көрсететін деректерді жариялады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6%-ға артық.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото