Астанада «Қазақстандағы Қытай туризм жылы» атты жарнамалық іс-шара өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 ақпан
Астанада «Қазақстандағы Қытай туризм жылы» атты жарнамалық іс-шара өтті

10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 ақпанда Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Мерейлі Көктем мекересі» фонарьларын жағу рәсімі және 2025 жылғы Қазақстандағы «Қытай туризм жылы» жарнамалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь қатысып, сөз сөйледі. Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты, оның ішінде Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, басқа да салалардағы достар, Қазақстандағы қытайлықтар, Конфуций институты және шетелдік студенттердің өкілдері бар.

Хань Чуньлинь Қытай мен Қазақстан азаматтарын жаңа жылмен құттықтап, Көктем мерекесі мен жылан жылындағы бай мәдени коннотациялармен таныстырды және Қытай мен Қазақстан халқының ұқсас мәдени рәміздері мен дәстүрлері екі елдің мыңдаған жылдар бойғы тамаша достығын бейнелейтінін айтты. Шамдарды жағу Қытай халқының отбасы мен өміріне деген әдемі үміттерін білдіреді. Қытай жаңа жылда Қазақстанмен бірге мұрагерліктің, достық пен үміттің нұрын бөлісуге, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын жоғары деңгейге көтеруге дайын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото