Бүкіл қала тұрғындары арқан тартысқа келді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 ақпан
Бүкіл қала тұрғындары арқан тартысқа келді

13 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Ганьсу өлкесінің Ганьнань облысы Линьтань ауданында жыл сайын ай күнтізбесі бойынша бірінші айдың 14-інен 16-сына дейін жергілікті жұртшылық арасында «он мың адамның арқан тарту жарысы» деп аталатын шара өтеді. Ұзындығы 1800 метрден асатын және салмағы 16 тоннаға жуық болат арқанның екі ұшында он мыңдай адамдар екіге бөлініп тартысады. Линьтаньдағы он мың адамдық арқан тарту жарысының 600 жылдан астам тарихы бар. Бүгінгі таңда бұл жарыс көктем мерекесі мен шамдар фестивалі кезіндегі ең қызықты жергілікті ойын түріне айналды.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото