Нэчжа қуыршағы сауда алаңында жаңа толқынға айналды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 ақпан
Нэчжа қуыршағы сауда алаңында жаңа толқынға айналды

13 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы кездері «Нэчжа 2» фильмі Қытай киносы тарихындағы кассалардың шыңына шығып, рекорд орнатуды жалғастырып жатқандықтан, перифериялық өнімдердің сұранысы да молайды. Ал қолдан қолға өткен бұйымдар бағасы нарықта барған сайын өсуде.

Фильмге байланысты 3D пластикалық ойыншықтардың уәкілетті өндірушісі ретінде Хунаньның Sunny&sandy компаниясы алдын ала 80 000-нан астам ойыншық жинағын дайындап, нарыққа шығарған. Нәтижесінде бұйымдар фильм шыққаннан кейін үш күн ішінде сатылып кетті. Тапсырыстардың аса көптігіне байланысты жұмысшылар демалыстарын ерте аяқтап, жұмысқа оралды.

«Бізде бүкіл ел бойынша бес өндірістік база және 40 өндірістік желі бар. Олардың 60% - ы Нэчжа перифериялық өнімдерін өндіруге арналған. Қазір олар күніне 500 000 қуыршақ шығара алады. Ал Нэчжаға байланысты өнім осының жартысын құрайды. Компания төрағасының көмекшісі Ян Чжэньлинь: «Қазір компанияның күнделікті өндіріс құны 3 миллион юаньнан асады, ал тапсырыс екі айға дейін алдын-ала тіркелді»,- деді.

«Нэчжаның тапсырыстарын алу туралы бастаманы тек отандық қана емес, сонымен қатар көптеген шетелдік жеткізушілер де көтерді. Қазір тек Нэчжаның перифериялық өнімдеріне тапсырыс көлемі 200 миллионға жетті»,- дейді Ян Чжэньлинь сөзін сабақтап.

Қазіргі уақытта Sunny&sandy Нэчжаның қолдан жасалған ойыншықтарын шетелге шығару туралы келіссөздерді жалғастыруда. «Біздің тәжірибемізге сәйкес, «Нэчжа» сериясы әлеуетті Қытай мәдени элементтеріне ие және шетелде де жеңіл сатылады. Шетелге шығару құқығына ие болғаннан кейін, біздің жұмысымыз тіпті қарбаласады»,- деді Ян Чжэньлинь.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото