- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин жеке экономиканы сау және сапалы дамуыға шақырды (5)
18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас Хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери Комитет Төрағасы Си Цзиньпин 17 ақпан таңертең Бейжіңде өткен жеке кәсіпорындар симпозиумына қатысып, маңызды сөз сөйледі.
Симпозиумға ҚКП ОК Саяси бюросы тұрақты комитетінің мүшесі, мемлекеттік кеңестің Премьер-министрі Ли Цян, ҚКП ОК Саяси бюросы тұрақты комитетінің мүшесі, мемлекеттік кеңес Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсян қатысты. ҚКП ОК Саяси бюросы тұрақты комитетінің мүшесі, CPPCC Төрағасы Ван Хунин симпозиумды басқарды.
Төраға жеке экономикалық дамудың перспективасы кең екенін, рөлінің айтарлықтай екенін, көптеген жеке кәсіпкерлердің өз дағдыларын көрсететін уақыттың келгенін атап өтті. «Біз сенімділікті нығайтып, жеке меншіктің сау және сапалы дамуына ықпал етуіміз керек. Жеке кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің патриотизм рухын ұстанып, бизнесті дамытуға баса назар аударып, заңды ұстанып, Қытай стиліндегі модернизацияны ілгерілетуге жаңа және іргелі үлес қосуына үміттенемін».
Симпозиумда Huawei компаниясының бас директоры Жэнь Чжэнфэй, BYD компаниясының басқарма төрағасы Ван Чуанфу, New Hope компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнхао, Shanghai Weir Semiconductor компаниясының басқарма төрағасы Юй Жэньжун, Hangzhou Yushu Technology компаниясының бас директоры Ван Синсин, Xiaomi Technology компаниясының басқарма төрағасы Лэй Цзунь сияқты жеке кәсіпорындардың жауапты тұлғаларының алты өкілі жаңа жағдайда жеке экономиканың дамуына жәрдемдесу бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын алға тарта отырып, дәйекті сөз сөйледі.
people.cn © People's Daily Online