- Барлық ақпарат
Сицзандағы «Шопан қазынасы» шайханасы
20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Сицзанның Наку қаласындағы «Шопан қазынасы» шайханасына кіре қалсаңыз, 1200 шаршы метрлік үйдің шаңырағынан сығалаған күн сәулесі бөлмелердің бұрыш-бұрышын нұрландырып тұрғанын байқайсыз.
Шайхананың иесі Чжучжу жергілікті стильдегі шайхананы халықтық салт-дәстүрмен шебер байланыстырған. Бұл жер келушілерге халық мәдениетінің ерекшелігін сезіне алатындай күй сыйлайды. Шайхананың айналасы мен дәліздеріне жергілікті халықтың ұлттық мұрағаттарының 700-ден астам түрінен 3000-нан астам бұйым қойылған. Оның ішінде жас төлдерге сүт беретін мүйізден жасалған бөтелкелер, сіріңке қорабының көлеміндей сары май қалыптары, құм, шаң мен қардан қорғайтын қодас жүнінен жасалған көзілдірік сияқтылар бар. Малшылар қолданатын ыдыс-аяқтардың барлық түрін де осы жерден кездестіруге болады. Аталмыш ерекшеліктеріне орай, шайхананы Сицзанның солтүстігіндегі көшпелілер мәдениетінің «мұражайы» деп атауға болады.
people.cn © People's Daily Online