- Барлық ақпарат
Үкіметтің жұмыс есебі баяндамасындағы жаңа атаулар (3)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 наурыз
6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл көптеген «жаңа атау» екі сессияда үкіметтің жұмыс есебі баяндамасында алғаш рет тілге тиек болды. Сіз бұл атаулардың мағынасын түсіндіңіз бе?
Адамға инвестиция салу
- Барлық ресурсты адамның дамуы мен қауіпсіздігіне инвестициялап, реформа мен даму нәтижелерін адамдардың тікелей пайдалануын жүзеге асыру.
Интеллектпен жабдықтау (Embodied Intelligence)
- Ол жасанды интеллекттің роботтар сияқты физикалық нысандарға интеграциялануын білдіреді. Бұл оларға қоршаған ортаны адамдар сияқты қабылдауға, үйренуге және динамикалық өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.
«Газелла» компания
- «Газелла» компания кәсіпкерліктің бастапқы кезеңінен өткеннен кейін салыстырмалы түрде қысқа мерзімде аса жылдам қарқынмен дамып, технологияда да, бизнес-модельде де, өнеркәсіптік ұйымда да күшті инновациялық мүмкіндіктерге ие кәсіпорынды білдіреді.
Қалдықсыз қала
- «Қалдықсыз қала» - бұл қаланы басқарудың озық тұжырымдамасы. «Қалдықсыз» дегеніміз қатты тұрмыстық қалдықтар өндірілмейді дегенді білдірмейді, тіпті қатты тұрмыстық қалдықтарды толығымен пайдалануға болады дегенді де білдірмейді. Бұл өндіріс пен өмір салтының жасыл дамуын қалыптастыруға ықпал ететін, қатты тұрмыстық қалдықтардың көздерін азайтуға және ресурс ретінде кәдеге жаратуға үздіксіз ықпал ететін, көміп біржақтылы етуді барынша азайтатын, қатты тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін барынша төмендететін даму моделі.
Жақсы үй
- «Жақсы үй» төрт сипаттамаға ие болуы керек: қауіпсіз, төмен көміртекті, жасыл және ақылды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online