- Барлық ақпарат
Екі сессия: Үкіметтің жұмыс есебі туралы баяндаманың қысқаша мазмұны (4)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 наурыз
5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурызда Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясы Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында ашылды. Мемлекеттік кеңестің Премьер-министрі Ли Цян Мемлекеттік кеңестің атынан XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясында үкіметтің жұмысы туралы баяндама жасады. Негізгі мазмұны төмендегідей:
1. 2024 жылғы жұмысқа шолу
- ЖІӨ өсімі 5%.
- Астық өндірісі алғаш рет 700 миллион тонналық жаңа деңгейге көтерілді.
- Қалалық жерлерде 12,56 миллион жаңа жұмыс орны ашылды.
- Жаңа энергетикалық көліктердің жылдық өндірісі 13 миллионнан асты.
2. Осы жылға күтілетін негізгі мақсаттар
- ЖІӨ өсімі шамамен 5% болады.
- Қалалық жерлерде 12 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
- Тұтыну бағалары шамамен 2%-ға көтеріледі.
- Астық өндірісі шамамен 700 миллион тонна болады.
- ЖІӨ бірлігіне энергия тұтыну шамамен 3%-ға азаяды.
3. Биылдың кейбір негізгі міндеттері
- Қаржы: Тапшылық мөлшерлемесін шамамен 4% деңгейінде реттеу жоспарланып отыр, тапшылық мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 1,6 трлн юаньға артады.
- Үкіметтік инвестициялар:
- Жаңа мемлекеттік қарыздың жалпы сомасы 11,86 трлн юаньға артып, былтырмен салыстырғанда 2,9 трлн юаньға өседі.
- Арнайы ұлттық облигациялар:
- 1,3 триллион юань ультра ұзақ мерзімді арнайы ұлттық облигациялар шығару жоспарланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 300 миллиард юаньға өседі. 500 миллиард юань арнайы ұлттық облигациялар шығару жоспарда бар.
- Тұтыну:
- Тұтынуды арттыру үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылады. Тұтыну тауарларының ескіні жаңаға ауыстыруын қолдау үшін 300 миллиард юань ультра ұзақ мерзімді арнайы ұлттық облигация орналастырылады.
- Жаңа сапалы өндіргіш күш: Коммерциялық аэроғарыш, төмен биіктіктегі экономика сияқты дамып келе жатқан салалардың қауіпсіз және салауатты дамуына ықпал ету. Биоөндіріс, кванттық технология, физикалық интеллект және 6G сияқты болашақ салаларды дамыту. Өндірістің цифрлық трансформациясын жеделдету. Интеллектуалды жаңа энергетикалық көліктер, жасанды интеллект ұялы телефондары мен компьютерлері, интеллектуалды роботтар және интеллектуалды өндірістік жабдықтар сияқты интеллектуалды терминалдардың жаңа буынын қарқынды түрде дамыту.
- Білім:
- Орта мектеп деңгейінде білім беруді кеңейту, мектепке дейінгі тегін білім беруді кезең-кезеңімен енгізу.
- Ашықтық:
- Интернеттің, мәдениеттің және басқа салалардың жүйелі түрде ашылуына ықпал ету, телекоммуникация, медициналық көмек, білім беру және басқа салалардың пилоттық ашылуын кеңейту.
- Тұрғын үй: Құлдырауды тоқтату және тұрақтандыру үшін жылжымайтын мүлік нарығын белсенді түрде ілгерілетуді жалғастыру.
- Ауылды жандандыру: Тұқым шаруашылығын жандандыру бойынша іс-шараларды терең жүзеге асыру. Астық өндіретін ірі аудандарды қолдауды арттыру. Фермерлердің кірістерін арттыру арналарын кеңейту.
- Урбанизация: Шарттарға сәйкесетін ауыл шаруашылығынан (басқа салаға, қалаға) алмасқан халықты тұрғын үй қауіпсіздігі жүйесіне енгізу.
- Экология: жасыл тұтынуды ынталандыру механизмін жетілдіру, жасыл және төмен көміртекті өндіріс әдістері мен өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
- Жұмыспен қамту: ЖОО түлектері сияқты жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік арналарын кеңейту. Икемді жұмыспен қамту және жұмыспен қамтудың жаңа нысандарындағы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту. Білікті таланттарды қолдау деңгейін арттыру.
- Медицина және денсаулық сақтау: Тұрғындардың медициналық сақтандыруы мен негізгі денсаулық сақтау қызметтерін қаржылық субсидиялау стандарттары жан басына шаққанда сәйкесінше 30 юань және 5 юаньға ұлғайтылады.
- Әлеуметтік қамсыздандыру: Қала және ауыл тұрғындары үшін базалық зейнетақының ең төменгі нормасы тағы 20 юаньға ұлғайтылады. Бала тууды ынталандыру және бала тәрбиесіне субсидия беру саясаты белгіленеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online