Сицзандағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы балалар уақытында мектепке оралды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 наурыз
Сицзандағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы балалар уақытында мектепке оралды

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қаңтар күні Динжи ауданында магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі болды. Аудандағы бүлінген 79 мектептің 76-сы мұқият жөнделіп, қауіпсіз түрде жаңа оқу маусымын бастады. Ең көп зардап шеккен үш бастауыш мектеп қайтадан салынатын болды. Осы үш мектептің 1479 оқушысы ауданның төрт аумағына орналастырылды. Екі айға жуық қайта құру мен уақытша орналастырудан кейін, 2025 жылы Динжи ауданындағы бастауыш және орта мектептердің көктемгі оқу маусымы өз уақытында басталды.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото